Ал жылжымайтын мүлік бойынша агент Ларри Эльси бұның жалған хабарлама екенін айтуда.
Айта кетейік, Детройт осыдан 40 жыл бұрын, Америка автопромының жағдайы нашарлағанда құлдырай бастады. Қазір қалада шашамен 700 мыңға жуық адам тұрады. Он жыл бұрын мегаполистің халқы 1,8 миллион адамды құраған. Детройт тұрғындарының азаюына байланысты қалалық қазынаға түсетін салық түсімі де азайды, инфрақұрылым бұзылып, қылмыс деңгейі өсті.
«Моторлар қаласы» бұрыннан АҚШ-тың криминалды астанасы болып саналады - ондағы қылмыс деңгейі елдегі орташа көрсеткіштен бес есе жоғары.
2013 жылдың 3 желтоқсанында АҚШ-тың автокөлік астанасы банкрот деп танылды. Судья қала өз қарыздарын төлей алмайды деген шешім шығарды. Осылайша, Детройт АҚШ тарихындағы банкрот болған ірі қалаға айналды. «Моторлар қаласының» қарызы 18 миллиард долларды құрайды.