Ер адам миына ота жасаған кезде гитарамен ән салды

Бұл туралы Росбалт хабарлады. 33 жастағы банк қызметкері ота жасау кезінде  мамандар оның сезім мен сөйлеу, қозғалыс қабілеттеріне жауап беретін бөліктеріне зақым келтірмеу үшін ояу болу тиіс екен.

Ер адам ота кезінде Beatles тобының хит әнін Yesterday-ді орындайды. Сондай-ақ өзі шығарған әндердің де бірнешеуін айтып шыққан. Тіпті ота кезінде дәрігерлермен де әңгімелескен. Дәрігерлердің айтуынша, пациенттің белсенділігі ота жасау процесін бақылауға оңай қылды. Олардың айтуынша, ота сәтті  аяқталды.