Ер адамдар 110 жыл ішінде қанша сантиметрге өсті?

Эссек университетінің профессоры Тим Хэттон зерттеу жүргізіп 1870 пен 1980 жылдар аралығында еуропалық ер адамдардың орташа бойының ұзындығы 11 см-ге  өсті деген қорытындыға келді, деп Би-би-си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.


           Зерттеуге сәйкес, осы кезең аралығында Еуропа тұрғындары арасында ерлердің орташа бойының ұзындығы 167 см-ден 178 см-ге өскен.
           Ерлердің бойының өсуіне  денсаулықтарының нығаюы мен медицинадағы ілгерілеушілік негізгі себеп болған.