Ер-азаматсыз қазақ әйелі дені дұрыс адам бола алмайды - Назгүл Қарабалина

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса қазақ әйелдерін еріне бағынуды насихаттады.

-Ер-азаматсыз бүйтем-сүйтем деп жүргендер оттаған әңгіме. Солай болғысы келем деп жүргендер мені қынжылтады.

Жеме-жемге келгенде ер-азаматсыз қазақ әйелі алға басып, бас, би болып, алға жылжи алмайды. Мен басқа ұлтта, орыстарда шаруам жоқ. Ер-азаматсыз дені дұрыс адам бола алмайды, ештеңе жасай алмайды, деді.

"Әйел бәріне төзімді, қолынан бәрі келеді. Менің үш әпкем ерте жесір қалды әрқайсы 4-5 баламен. Аллаға шүкір қасында еркегі бар әйелдерден артық бағып-қағып, жақсы тәрбие беріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Екінші рет күйеуге тиген жоқ", "Не сандалып отыр мынау…Осындай ақылгөйлер көбейіп кеттіғой қоғамда", "Кім құтырады, деген не сұрақ? Топас болса құтырады, дені сау, мықты еркек болса, ойланады мына сөздерге, сосын жауапкершілік алады, отбасына жақсы қарайды. Аллаһ солай қылып жаратты ғой адамдарды. Еркек пен әйелдің өзінің рольдерін бөліп берді ғой, жарысу үшін емес, бір бірін қолдап, жақсы өмір сүру үшін. Имансыз болса, әрине бәрі басқаша болады. Иман мықты болған жерде, бәрі әдемі,жарысу, ұрыс керіс, дүние қуып кету деген жоқ. Аллаһ Өзі әдемі етіп қояды бәрін, үйлесімді қылып", деп оқырмандар қарсы пікір танытты.