"Ер-азаматым": Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжан туралы шындықты жасырмады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші әріптесі екеуі жайлы айтқан қауесетті жоққа шығарып, өз шындығын айтты.

«Қымбатты менің парақшамдағы асыл жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстырған нәрсе – өнер. Бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты. О, Жаратқан Ием! Елім, ата-анам, ер-азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын, әмин», – деп жазды Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Әншінің оқырмандары түрлі пікірлер жазды.