Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды (толықтырылған нұсқасы)

Е. Тоғжанов 2006 жылдың наурыз айынан бері Дін істері комитетінің төрағасы қызметінде болған. Ол оған дейін Қарағанды облысының әкімінің мәдениет пен білім беру мәселелерін жауаптанған орынбасары болып қызмет атқарған.

Е. Тоғжанов Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін және Ұлттық ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын тәмамдаған. Аспирантурадан кейін Қазақ мемлекеттік заң академиясында оқытушы, декан орынбасары және декан болып істеген. Кейіннен Академияның Астанадағы филиалының басшысы болып қызмет істеген.