"Оны біреу ұстап тұрса, егер ол сіздерге қарыз болса, онда ол шағым жазбайды. Ол қарызды қайтарып, Ерасылдың барлық уәдесін орындайды", - Ерасылдың анасымен жүргізілген 20 минуттық әңгіменің үзіндісін парақшаның әкімшісі келтірді.
Ана ұлының тірі екеніне үлкен үміт артып отыр.
Еске сала кетейік, Ерасыл Әубәкіров 3 ақпаннан бастап туыстарымен және жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол үстіне қошқыл-көк түсті қысқы күрте, қоңыр түсті құлақшын киген. Бойы шамамен - 175-180. Салмағы 70-75 келі.
Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса: 8 747 024 81 29 (Ерасылдың әкесі) және 8 707 143 94 25 (Диас Жұмаділов - жоғалғанның досы) телефондарына хабарласуды сұрайды.