Caravan Logo

Ерасыл Қажыбаев Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі

Ерасыл Қажыбаев Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын  медалі үшін күреседі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғауда.

Ерасыл жартылай финалдық бәсекеде грузиялық Иракли Деметриашвилиді жеңді. Оның финалдағы қарсыласы жапониялық Хега Ота болмақ.

Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас қола жүлде үшін бақ сынайды.