Ерасыл Қайырбек Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медальға ие болды

Біздің отандасымыз ширек финалда Вьетнам палуаны Нджок Туан Транды 17;13, 0:2 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін жартылай финалда филиппиндік Франциссарон Агоджоға 7:9, 1:0 есебімен жол берді, дегенмен кешенді сайыстарда қола жүлдегер атанды.

Ертең даянгке 55 келі салмақтағы Фариза Алдоңғарова шығады.


Қайырбек пен Алдоңғарова - Азия чемпионатында Азия ойындарына қатысу лицензиясын ұтып алған таеквондошыларымыз.