Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Райымбек Медетбек автобуста бұрынғы күйеуі пышақпен тап берген әйелді құтқарып қалған. Алматы әкімі ер адаммен кездесіп, оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.
23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ жұмыс істейді.
Айта кетейік, Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болып,
пышақпен шабуыл жасаған. Жаға ұстатарлық видео әлеуметтік желіде жарияланды. Автобустағы өзге жолаушылар әйелді ажалдан алып қалған еді.
Кейін зардап шеккен әйелдің адвокаты пышақпен шабуыл жасаған ер адамның тек 15 тәулікке қамауға алынғанына наразылық білдірген.