Ерболат Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Ақорданың хабарламасында. Ерболат Досаев осы қызметке дейін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басшысы қызметін атқарған болатын.

Ал оған дейін 2014 жылдың тамыз айынан ұлттық экономика министрі болған еді. Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды.

Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған.