Ердоған Обамамен Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы

Бұл туралы Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, деп жазады 365info.  Вашингтон бұл мәлімдемеге әзірге жауап берген жоқ.

24 тамызда Анкараға барған АҚШ вице-президенті Джо Байден Құрама Штаттардың діни қайраткер Гүленге тағылған айыптардың қаншалықты дұрыстығын бағалау үшін Түркиямен әріптестік орнататынын мәлімдеген.


Анкара АҚШ-та тұратын Гүленді биыл шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Бұл айыптардың барлығын жоққа шығарған Гүлен кінәсін тәуелсіз сот дәлелдеген жағдайда ғана елге оралуға дайын екенін мәлімдеді.