Осы орайда ерекше балалармен жұмыс қалайжасайды? Олардың талаптары қандай? Оларға қандай бағдар беру керек? т.б сұрақтар төңірегінде Caravan.kz порталының тілшісі Лаззат Ертаевамен сұхбаттасты.
- Ерекше балалар тәрбиесінде ең маңызды нәрсене?
- Дені сау, білімді ұрпақ қана ұлт болашағын қалыптастыра алады. Ал, бала тәрбиесі мен біліміне отбасындағы ата-ана мен ұстаздардың жауапкершілігі бірдей. Осы орайда, әсіресе, ерекшебілімді қажет ететін ерекше балалар туралы тереңірек айтқым келеді. Ерекше білімді қажетететін балаларға берілетін білім инклюзивті білімдеп аталады.
- Инклюзия деген жалпы не?
- Инклюзия – денсаулығы дімкәс, мүмкіндігішектеулі балалардың өз күшіне деген сенімінарттыру арқылы басқа жеткіншектермен бірге білімалуы, яғни арнайы мамандар (логопед, дефектолог, психолог, олигофренопедагог және сурдопедагог) арқылы қосымша білімді керек етуі. Инклюзивтібілім – қоғам қажеттілігі. Себебі, инклюзивті білімберу даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысжүргізудегі өзекті мәселе саналады. Оның мақсаты– дені сау баламен бірге инклюзивті білімді қажетететін балаларды қоршаған ортаға бейімдеу. Балалардың деңгейіне қарай (тіл кемістігі, денедамуының жеткіліксіздігі, көру қабілеті нашар, есту қабілеті бұзылған және қандастар үшін (тілжәне салт-дәстүрді меңгеру бойынша ортағабейімдеу) қажетті білім беру болып табылады.
- Қазір аурудың түрлері көп. Бір-біріне ұқсасболғанымен, атаулары әр басқа. Ауруларэкологияның ластануынан бастау алып, тұқымқуалаушылыққа дейін бара ма?
- Денсаулыққа немқұрайдылық таныту, жыныстыққатынастағы жұқпалы аурулар мен отбасылықжағдайдағы кикілжіңдерден де (депрессия) туындауда. Әсіресе, орталық жүйке жүйесініңбұзылуынан, мидың органикалық зақымдануынан, жүктілік пен туу кезіндегі жарақаттар мен нейроинфекция әсерінен аутист балаларды дүниегеәкеліп жатқан аналар аз емес.
Ал, аутизм – ауру емес. Ол – ешбір генетикалықсараптама көрсете алмайтын, яғни адамның жан-дүниесінде болып жатқан арпалыс. Өзіңіздіңбойыңыздағы байқалмайтын және байқалатынқасиеттерді балаңыздың бойынан (99% гендік) көру. Ата-аналардың көпшілігі бұл жағдайдымойындай бермейді.
Аутист бала сезінуге қабілетсіз болады. Баланыңбойындағы аутистік бұзылуларды 2-3 жасқакелгенде ойын арқылы анықтауға болады. Мысалы, дені сау бала мен аутизмге шалдыққансәбидің ойнап отырған ойыншығын тартып алсаң, жылайтыны анық. Сау балаға ойыншығынқайтарсаң, жылағанын бірден қояды, ал, аутистікбелгісі бар балаға ойыншығын қайтарсаң да жылайбереді. Тағы бір белгісі, адамның көзіне тікеқарамайды. Балаға қарама-қарсы тұрып, ым-ишаралармен жаттығулар жасауды талап етсең, құлақ аспайды. Ал, сол жаттығуларды артына өтіпжасасаң, оны орындайды. Өсе келе ешнәрсегеқызығушылығы оянбай, айтқанды түсінбей, тек қайталай береді. Мамандар олардыңпсихологиясын зерделеу барысында ерке, тәртіпсізәрекеттерімен жақын адамдарына (тіпті анасына) деген аяушылық сезімнен алшақ болатынынбайқаған.
- Мамандар олардың психологиясын зерделеубарысында ерке, тәртіпсіз әрекеттерімен жақынадамдарына (юдеген аяушылық сезімнен алшақболатынын байқаған екен. Бұған не айтасыз?
- Мамандар олардың психологиясын зерделеубарысында ерке, тәртіпсіз әрекеттерімен жақынадамдарына (тіпті анасына) деген аяушылықсезімнен алшақ болатынын байқаған. Дертті дер кезінде (2-3 жасында) анықтап, арнайы мамандарғаемдететін болса, сауығып кетуіне мүмкіндік бар.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудеарнайы мамандардың қызметі үлкен шеберлік пен білімді қажет етеді. Ерекше баламен ерекше білімдімамандардың жұмыс жүргізгені дұрыс. Шетелдіңбілікті мамандарымен тәжірибе алмаса отырып, әдістемелік құралдар әзірленсе, нұр үстіне нұрболар еді. Білікті маман іздеп, баламен сан-саққажүгірген ата-аналарға да арнайы оңалту (анаға да, балаға да психологиялық және психикалықтұрғыдан көмек көрсететін) орталықтары ашылуыкерек деп ойлаймын. Неге десеңіз, анасыменжұмыс жүргізу арқылы баланы емдеу тиімдірек. Себебі, дені сау ана мен әкеден ғана дені сау бала өмірге келетінін ескерген жөн.
- Ерекше балалармен жұмыс жасау кез-келгената-анаға қиынға соғары сөзсіз. Мұндайданақты қандай маманға жүгінген дұрыс?
- Егер дер кезінде кешенді ем-дом, оңалтушаралары жасалмаса науқасты қоғамға бейімдеуқиындап кетеді.
Бұл тұрғыда психолог, дефектолог, логопед сияқтымамандардың рөлі айрықша. Алайда іс жүзіндебала тәулігіне 24 сағат анасының қасында болады, ал тиісті маман сабақ өткізуге 40 минутқа келеді. Ал Еуропа мен АҚШ-тағыдай әрбір аутист балағатьютор жалдайтындай елімізде мүмкіндік жоқ. Болған күннің өзінде бізде бұл жүйе қолғаалынбаған. Сондықтан балаға туған анасынан өзгеешкім көмектесе алмайды.
Аналардың жауапкершілігі мықты болса, отбасындағы барлық мәселе шешіледі. Өйткені, көптеген әкелер балаларынан мұндай ауру анықталса әйелімен қоса тастап кетіп жатады. Мұны қоғамда жиі байқаймыз. Бірақ аутист бала үкім емес екенін ескерген жөн. Оларды бұл дерттенайықтырып жібермесе де, оңалтуға болады. Иә, аутистерге арналған дәрі жоқ. Бірақ кешенді әдіс-тәсілдер әрдайым өз нәтижесін көрсетеді. Сондықтан үмітті өшірмеу керек.