- Айдос, билеші. Не болды? Көрейік бір.
Атыраулық 20 жастағы Айдос Орынғалиевті «YouTube»-та жұлдыз еткен бейнекөрініс осы. Небәрі екі аптаның ішінде 300 мыңнан астам адам қараған.
Айдос Орынғалиев:
-Бұл видео осыдан 5-6 ай арасында қаталеспесем түсірілген. Жұмыстағылармен күліп, ойнап жүрген кезде түсірілген. Мен ойлаған жоқпын бұлай танылып, әлемге шығып кетеді деп.
Осы бейнекөрініске түскенде, Айдос Астанада құрылыс басында жұмыс істеп жүріпті. Достарының арасында билеп, көңіл көтерген соң «бәрі сол жерде қалған еді» дейді. Тек сарғылт кеудеше киіп, әуеннің ырғағынан ешбір жаңылыспай ілесе билеген жігітті ғаламтордан жарты әлем көрген.
Айдос Орынғалиев:
- Естігеніме көп болған жоқ. Бірнеше күн. Ағайындарым, достарым қоңырау шалып естідім. «Сен интернетте жүрсін жұлдыз болып кетіпсің» деп. Басында сенген жоқпын, сосын үйге келіп, қарап сендім.
Бритаиялық «Dаily Mail» атты басылым қазақ баласын Боратқа теңепті. Тіпті өз аузынан деп сұхбатын да жариялаған. Онда Айдостың бай әрі атақты болғысы келетіні жазылыпты. Бірақ жігіт ешқандай да шетелдік тілшімен арада әңгіме болмады дейді.
Айдос Орынғалиев:
-Мен оларды шетелдіктерді түсінбеймін, менің атымнан біреу сұхбат берген. 26-дамын, осындай-осындай қымбат көлік мінгім келеді, кеткім келеді деп. Мен ешқандай сұхбат берген емеспін, сіздерден басқаға. Оның бәрі қауесет әңгіме.
Енді Айдос жалған ақпарат таратқан адам жауап беруі тиіс деп отыр. Ал өзі YouTube-тың емес, үлкен экранның жұлдызы болғанды қалайды. Яғни болашақта кәсіби актер болсам деген арманы бар.