Ерекше сурет көрмесі ашылды

Себебі туындылардың барлығы ертедегі «мандал» техникасы бойынша орындалған. Яғни адам барлық дүниеге шынайы баға беруден бас тартып, ешбір ережеге бағынбай бейнелеу өнерімен айналысадын. «Мандал»-ды меңгергендер тіпті бүлдіршіндердің ойына келмейтін картиналарды салуда. Мәселен көрмеге шығарылған 27 туындының әрқайсысы адамның түрлі көңіл күйі жайлы ақпарат бере алады. Бірі симметрия заңдылықтары сақталып салынса, екіншісінде кішігірім элементтер арқылы біртұтас ой беріледі.


Жазира Аяған, суретші

-Шеңбер әр кезде де мистикалық символ болған. Бірақ оны әрлендіріп, ортасына жаңадан жан бітірсе адамның ішкі дүниесін көрсетуге болады. «Мандалдарды» балалар да сала алады. Сондықтан оны күрделі өнер түрі ретінде қарастырудың қажеті жоқ.