Армения үкіметі елдің Кеден одағына мүше болуына бағышталған іс-шаралар жоспарын бекітті.
«Бағдарлама шеңберінде Арменияның Кеден одағына мүше болу мәселелерін қарастыратын жұмыс тобын құру көзделген. Сонымен қатар, келіссөздер пакеті әзірленеді», - деп үкіметтің бейсенбідегі отырысында Армения Экономика министрінің орынбасары Карине Минасян мәлім етті.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі қажетті құжаттарды мемлекеттік тілге аударуға кірісті.