Ереван Қырғызстанның ЕАЭО қосылуын мақұлдады


Аталмыш хаттаманы қолдап 91 дауыс берілді, төрт депутат қарсы дауыс берді.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге Астанада 2014 жылы 29-мамыр күні Армения, Қазақстан және Ресей көшбасшылары қол қойған. Қазір оның құрамында Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Армения.
Қырғызстан келісімшартқа өткен жылы қосылған, бірақ қатысушы елдер келісімшартты ратификациялаған соң ол ресми түрде қосылды деп саналмақ.