Ереванда Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық интеграция мәселесіндегі өзара іс-қимылы талқыланды

Аталған іс-шараға астанадағы академиялық, сарапшылық және іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ Армениядағы елшіліктердің дипломаттары қатысты.

«Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Айымдос Бозжігітов өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның жетістіктері туралы және Кеден Одағы шеңберінде интеграциялық процестерді дамытудың келешегі туралы қатысушыларға ақпарат берді.

Өз кезегінде Жаһандану және Өңірлік ынтымақтастық талдау орталығының басшысы Степан Григорян Еуразиялық экономикалық одақты құру кезінде Қазақстан үшін саяси егемендіктің бұлжымайтындығын атап көрсетті, мұның өзі КО мен БЭК-ке кіру кезінде Армения үшін де өзекті және маңызды болып табылады.

«Интеграция және даму» талдамалық қоғамдық ұйымының төрағасы Арам Сафарян өз сөзінде Армениядағы еуразиялық интеграция мәселелерінде өз ұйымының қызметі туралы хабарлады. Ол басқаратын ұйымның Ереван Мемлекеттік университетімен (ЕМУ) бірге армян-қазақ экономикалық аспектілерін зерттеуі төмендегіні көрсеткен. Еуроодақпен және Кеден Одағы елдерімен жақсы қарым-қатынасы бар Армения ЕО мен КО мүдделерін біріктіретін орын болуға қабілетті, бірден бір географиялық және саяси алаң болып табылады», - жеп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ЕМУ проректорының орынбасары, баяндамашы Александр Маркаров Біртұтас Экономикалық Кеңістікті (БЭК) құру кезінде барлық қатысушы елдердің теңқұқылығы ескерілетінін конференцияға қатысушыларға хабарлады. Арменияның барлық интеграциялық процестерді өтуі қажет, өйткені «жол картасы» шеңберінде құжатарға қол қоюдың шапшаңдығының теріс салдары болуы мүмкін. Оның үстіне қазір еуразиялық интеграцияның табыс әкелетініне ешкім кепілдік бере алмайды, ол туралы Қазақстан тарапынан ұзақтау күту куәландырады. Сондай-ақ, оның пікірі бойынша, еуразиялық интеграцияның тартымдылығы туралы оң сипатты ақпаратты жеткізу мақсатында беделді халықаралық алаңдарда КО мен БЭК мүдделерін тұрақты түрде жеткізу қажет.