"Кеңестің отырысында оған қатысушы елдердің ұлттық жастар бағдарламалары мен 2005-жылдың 25-қарашасында Мәскеуде қабылданған жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қатысушылар арасындағы екі жақты және көп жақты қарым-қатынастың жайы қаралады", - делінген баспасөз баянында.
Кеңестің бас қосуы "Мәдениеттер арасындағы үнқатысу" атты халықаралық фестиваль шеңберінде өтеді. Оны Арменияның мәдениет және жастар ісі жөніндегі министрлігі ұйымдастырған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті