Ереванда Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-Министрі келіссөз өтетін залға барды.