Ереванда ТРАСЕКА ұйымына мүше-елдердің кезекті конференциясы басталды

Екі күндік бас қосуға қатысушылар "ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының процедуралары ережесі" мен "ТРАСЕКА ұйымының тұрақты хатшылығы туралы тәртіпті " бекітеді. Сондай-ақ, ұйымды 2004-жылы қаржыландару бағдарламасы да сарапқа салынады деп жоспарланған. Арменияның төрағалық етуімен өтіп жатқан бұл форумға жобаға қатысушы барлық 12 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Осы орайда естеріңізге сала кетсек, ТРАСЕКА бағдарламасы Орталық Азияның 5 және Кавказдың 3 республикасының көлік министрлерінің Брюссельдегі бас қосуында 1993-жылдың мамыр айында қабылданған болатын. Ұйымның басты мақсаты - Европадан Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі арқылы Орталық Азия аймағына дейінгі көлік дәлізін дамыту болып табылады.