Ереванда ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңестің жиналысына ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов, қорғаныс вице-министрі Болат Жаңасаев және оперативтік жоспарлау департаментінің бастығы подполковник Әлімов қатысады.

Күн тәртібінде әскери құрылыс мәселесіне арналған 20 -дан астам мәселе қаралады.

Сондай-ақ, 18 - 22 тамызда Арменияда ҰҚШҰ елдерінің "Шеп - 2008" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының үшінші және төртінші кезеңдері өткізіледі.

1992 жылдың мамыр айында құрылған ҰҚШҰ-ына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.