Тәртіп сақшылары бұл пәтерге бірнеше рет келген. 6 мәрте ереже бұзғаны үшін айыппұл төлеуі тиіс жүргізуші күнде ертеңмен сөзбұйдаға салып жүріпті. Ақыры сөзден іске көшкен полицейлер бүгін айыппұлдың есебі деп теледидарын тәркілеп әкетті.
-Мүлдем қолым тимеді төлеуге. Бұл үшін дүние-мүлкімнен айырылатынымды білмеппін. Өзіме де сабақ болды.
Ал мына жүргізушінің жолы болмады. Айыппұл төлеуді ауырсынған жігіт темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Енді ол берешегін беруден бұрын бес тәулігін абақтыда өткізуі тиіс.
- Білгенімде төлейтін едім. Қамайды деп ойлмап едім.
Жауапкершіліктен жалтарып жүргендерді іздеуге шыққан полицейлер айналасы 1-2 сағаттың ішінде 15 жүргізушіні қолға түсірді. Алайда бұл теңізге құйған тамшыдайы ғана дейді сақшылар.
Әсет Арынов, Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері:
- Қала бойынша жыл басынан бері 49 мыңнан астам хаттама толтырылған. Жүргізушілердің көбі айппұл төлеуден жалтарып жүр. Енді бізде мүлкін, тіпті, көлігін де тәркілеуден өзге амал қалған жоқ.
Тәртіп сақшылары жолда ойран салған жүргізушілермен күресті үдетпек ниетте. Себебі бірнеше айдың ішінде көлік иелеріне 400 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Егер ереже бұзған жүргізуші жылдамдатып берешегін өтемесе, он тәулікке дейін абақтыға қамалуы мүмкін.