Ережесіз жекпе-жекке қатысқан кемпір бірінші раундта нокаутқа кетті

Америкалық  Колорадода жергілікті тұрғын 68 жастағы  зейнеткер Энн Перес де Техада Sparta Combat League  аралас жекпе-жекте сегіз бұрышты тор рингте айқасқа шықты.   Ол  ММА ережесі бойынша жекпе-жек тарихындағы ең егде спортшы атанды, деп хабарлады  Bloody Elbow.

Энн Перестің қарсыласы  отандасы 24 жастағы Лаура Деттман болды. Жарыс барысында ол  зейнеткерді бірінші раундта-ақ техникалық нокаутқа жіберді.   

Егде әйелдің джиу-джитсу бойынша көк белбеуі бар екені және ММА қағидасы бойынша бірнеше жыл жаттығып жүргені хабарланады.