Ережесіз жекпе-жектен қазақ спортшылары АҚШ құрамасымен күш сынасты

Еліміздің атынан бұл сынға Ардақ пен Бейбіт Назаровтар, Қазбек Әшімов, Бегнар Аманбаев, Нариман Мұсаевтар қатысқан еді. Өкінішке орай, Ардақ Назаров жеңіліс тапты. Америка Құрама Штатында өзінің екінші жекпе-жегін өткізген Ардақ жергілікті спортшы Лэнс Випфке жол берді. Төрешілер бір ауыздан америкалықтың жеңісін мойындады. Кездесу нәтижелері: 50-45, 50-45, 50-45. Керісінше, ағасының есесін Бейбіт қайтарды. Қарсыласы Хосе Сальгадоға 1-ші раундта-ақ қылғындыру әдісін қолданған Бейбіт еш қиналмастан жеңісті олжалады. Бегнар Аманбаев та қазақ елінің мерейін үстем етті. Ол қарсыласы Морис Сентерсті небәрі 2 минуттың ішінде есеңгіретіп тастады.

Осы уақытқа дейін 12 кездесу өткізіп, ешкімге жеңілмей келген Қазбек Әшімов 3 раундқа созылған теке-тіресте Кейси Джонсоннан ауыр соққы алып, кездесуді жалғастыра алмады. Ал Нариман Мұсаев болса, Брэндон Хемплеманға ұпай санымен ұтылды. Есеп: 29-28, 28-29, 29-28.