ERG Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпаратты жоққа шығаруда

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте ERG Жәйрем тау-кен байыту комбинатын сатты, деген ақпарат жария етілген. Онда сатып алушы, мәміленің жасалу уақыты, басқа да жәйттері жазылған".

"ERG қазақстандық офисінің корпортивті коммуникациялар департаменті ресми түрде Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді", делінген ERG хабарламасында.

Қазіргі уақытта ERG аталған активті сатып алу туралы әлуетті сатып алушылардың әр түрлі ұсыныстарын қарастырып отыр, делінген онда.