Еріген қар суы Елорда жұртын әбігерге салуда

Қараөткел ауылында жаяу түгілі көлікпен жүрудің өзі мұң. Көшелері тізеден су. Ылғал үйлеріне өтіп кеткен тұрғындар да бар. Баспанасы су ортасында қалған осындай 20 адам көшіріліп, қазір қонақүйге орналастырылыпты. Жұрт судың бұлай көбеюіне қала билігін кінәлауда. Айтуларынша, қыс бойы Астанадан шығарылған қар осы Қараөткел маңына төгілген екен. Күн күрт жылыған соң, тау-тау үйілген қар еріп, жайылған. Көше көл болып жатқан соң мұндағы балалар да мектепке бара алмай отыр.  


Нұршаш Болат, Астана қаласының тұрғыны:

- Басында мынандай орта болған. Таяз болған, қазір көтеріліп бара жатқан тәрізді. Осымен өтеміз. Әзер өтеміз. Баруға тура келеді.