Еріншек әйел сұлу бола алмайды: Баян Мақсатқызы

“Еріншек сұлу бола алмайды. Менен жастық пен сұлулықты қалай сақтауға болады деп жиі сұрайды, менің жауабым – тек қана еңбекпен. Өздігінен ештеңе сақталмайды. Ең алдымен, отырып тұрып жаттығу жасаңыз, таңертең де, кешке де 20 реттен. Тәттіден, қуырылған, майлы, ащы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Газдалған сусындарды мүлдем ішпеңіз. Тәрелкедегі тамақтың тек жартысын тауысыңыз. Тек газдалмаған, жылы су ішіңіз. Күніне кемі екі литр. Қысқасы, сұлулық әлсіз адамдарға қолжетімсіз. Ең бастысы, сұлу әйел – ол мейірімді әйел. Оның жүзінің түсі басқа. Ол іштарлық дегенді білмейтін, басқалар үшін қуана алатын, кішіпейіл әрі өзгеге жақсылық ойлайтын әйел. Әрі қарай да жалғастыра берейін бе?” – деп бөлісті Мақсатқызы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Желі қолданушыларының басым дені Баян Мақсатқызының пікірімен толықтай келісетіндерін атап өткен.


Ұқсас тақырыптар:

Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова

Баян Алагөзова Аягөздегі су тасқыны жайлы: Жемқорлық пен шенеуніктердің ұятсыздығын қалай тоқтатуға болады

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың жаңа фильміне түсуі мүмкін