Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Асхат Садырбайдың екінші әйелі Айғаным Болатқызы күйеуінен қорлық көргенін айтып, әлеуметтік желілерде мәлімдеме жасаған еді. Оның сөзіне сенсек, Асхат Садырбай олардың ортақ балаларын тартып алмақшы.
Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға берген сұхбатында Ерке Есмаханның Асхат Садырбайға ұлын 1 жыл бойы көрсетпей қойғанын айтты.
"Мен тұрмысқа шыққаннан кейін Ерке екеуінің арасында ерегіс болды ма, ол баланы 1 жылдай көрсетпей қойыпты. Ер азамат ретінде өзімді Асхаттың орнына қойып көрсем, әрине, оған ауыр тиеді. Баласын көрмегені үшін қасындағы адамдарға агрессиясын шашып жүреді. Мен оны да кейіннен түсіндім. Барып, балаңды көр деп те айтқан кездерім болды. Өзің бала туғанға кейін қызғаныш болмайды. Екінші жар болған әр отбасыда мұндай жағдай болады деп ойлаймын. Қызғаныш дегенде өзінің бір баласы жанында болып тұрып, сырттағы баласын іздегені ыңғайсыз нәрсе тудырады. Бірақ менде қызғану, истерика болған жоқ. Ер азаматтан сұрап алған махаббат керек емес деп түсіндім. Сен біздің қасымызда болып, ойың сыртта болса, керек емес. Бар, балаңды көр. Бізге көңіліңді жайлап, толыққанды болып кел деп айтатынмын. Мүмкін, ол оны елемеген шығар", - дейді ол.
Ол Асхат Садырбай үлкен ұлымен Ерке Есмаханның анасы арқылы кездескенін де жасырмады.
"Біз Астанада тұрғанда баласын Еркенің өзі емес, апасы, яғни Еркенің мамасы арқылы көріп келіп жүрді. Мен біздің баламызбен таныстырайық деп те айттым. 2022 жылы екі баланы кездестірдік, Алматыда қыдырттық", - дейді Айғаным Болатқызы.