Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Хит әндерімен көпшілікке танымал Ерке Есмахан өткен өміріне еш өкінбейтінін жазды:
"Маған екінші рет өмірге қайта келу керек болса, қайтадан осы тағдырымды таңдар едім!
Қазақ боп туылып, қазақы салт-дәстүрмен өмір сүріп, ата-анама еркелеп, өнерімді қабыл еткен тыңдармандарымды қайтып таңдар едім!😊
Ауылдағы балалық шақ, есею, алғашқы маxаббат, армандап Алматыға келу, басыма түскен әр сынаққа, сүрініп қайта тұрған кездер, сәтсіз неке, қателескен уақыт, біліп білмей жасаған аңқаулықтарды қайтып басымнан өткізер едім! Және әлі болашақта болатын бақытты кезеңдерімді ештеңеге де айырбастамас едім!
Я болмаса келесі өмірімде әппақ әдемі мысық болар ем, мяяяяу!".