Ерке Есмахан өзінің жаңа бейнедегі суретін әлеуметтік желіге салды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Ол фотоға әнші ақ-сары шашпен, қара көзілдірікпен және тым ашық киіммен түскен. Сосын "Қалай қарайсың?" деп жазыпты. Жұрт, әрине, әртүрлі пікірлерін айтқан. Солардың ішінде Бақыт Сержанов есімді Фейсбук қолданушысының жазғаны ерекше шығыпты. Ол әрі видео қосқан.
Бақыт Сержанов: Ерке, мына мысық "жүрекпен ақылдасып суретке түсіңізің" дейді. Мен емес ол...
Бақыт Сержанов: Көбелек "менің Еркежаным олай суретке түспейді" деп, мына қызды қуып жүр.
Бақыт Сержанов: Содан соң Арыстан келіп: "Ей, адамдар, Еркежаның ұятты жерін көрмейсіңдер" деп, кеудесін жауып тұрып алды. Сонда жоғарыдан көбелек келіп: "Дұрыс, Арыстан. Қазақтың қыздары бұлай суретке түспесін" деп, жоғарыдан үндеу айтып ұша жөнелді.