"Еркек бастарыңмен, сақалдарың қауғадай болып, айтатын әңгімелерің қатын, қатынның мерекесі": Халық ағайынды Жүгінісовтар туралы

Көпшілік оның өзге діннің ағымында кеткеніне шүйліккен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл ойын Рүстем Жүгінісов өзінің желідегі парақшасында мәлім еткен.

"Менен сұрап жатыр, неге 8 наурызбен құттықтамайсың деп. Рамазан келді, Рамазанмен құттықтаймын. Ал, 8 наурыз мерекесі, біріншіден біздің қазақтың мерекесі емес, біздің ата-бабаларымыз бұл мерекемен құттықтамаған. 8 наурыз мерекесінің тарихын қарасаң, көңіл-күйің түседі. Тарихы неден шыққанын білетін болсаңыздар, өздеріңіздің көздеріңіз жетеді. Аталарымыз тойламағаннан кейін, мен ойлаймын, біз несіне тойлаймыз деп. Аналарымызға, келіншектерімізге, қарындастарымызға күнде мереке жасауға болады", - деді ол. 

Көпшілік мұның бұл пікірімен келіспейтінін айтып, оны жаппай сынап тастаған. 

"Еркек бастарыңмен, сақалдарың қауғадай болып, айтатындарың қатын, қатынның мерекесі", "Жап-жас жігіт, алжыған шалдан да надан", "Осындайлар түнімен бірдеңені ойлап, харам деп түбімізге жететін болды", "Сақалың жараспайды екен, жап-жас жігітсің, 80-дегі шалдарға ұқсап тұрсың", "Кезінде тойламаған адам құсап, не айтып отырсың өзі" деп шүйлікті олар.