Еркек болу қиын ба? Айару Бақытбек осы уақытқа дейін ешкіммен “жүрмегенін” айтты

“Осы уақытқа дейін ешкіммен жүрмегенмін. Ішкі түйсік, мүмкін өмірдің үйреткені, әйтеуір менің кеңестерім жаман болмайды. Қатарластарымның ішінде жолында кездескен барлық адаммен кездесіп шыққандар көп. Бірақ менің өз ұстанымым бар. Бір күні нақты таңдауымды жасаймын. Не қалайтынымды, жігіттің қандай болу керектігін нақты білемін”, – деген Айару осыдан бірер күн бұрын ғана басынан өткен хикаясымен бөлісті.

Айаруды терең ойға салған оқиға Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде орын алған.

“Киноға билет алмақшы едім. Менің кезегім келген кезде алдыма жас жігіт шығып алды, қасында сүйіктісі бар. Кезекті сақтауын өтіндім. Мұндай жағдайда ақыл-есі дұрыс азамат кешірім сұрап, өз кезегін күтер еді. Бірақ та мына жігіт өзіме ашуланып, “мен асығып тұрмын ғой” деп аянышты жүзімен қарады. Қыздың орнында болсам, онымен сол секундта айырылысар едім.

Сонда еркек болу қиын ба? Жол беріп, қызды өткізіп жіберу, құрмет көрсету соншалықты қиын ба? Физикалық күш көрсетуде былай қойғанда, дауыс көтермеудің өзі қиын ба? Қарапайым бірақ құнды нәрсе. Себебі жиі кездеспейді. Ондай жігіттер тек оннан біреу ғана”, – дейді Айару.


Айарудың айтуынша, тек өзін-өзі құрметтемейтін қыздар сүйіктісіне бар қателігін кешіреді. Өмірдің бір адаммен тоқтап қалмайтынын ескерткен ол оқырмандарын өз бағасын білуге шақырды.