"Еркек көрсететін дүние емес": Іш киімін елге көрсетіп мақтанған депутат Дәулет Мұқаевтың басы бәлеге қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай, депутат Дәулет Мұқаев өзінің іш киімін жеке сөрелерге салып, киім-кешегін рет-ретімен, тәртіппен жинайтынын жалпақ жұртқа жария қылған. Көпшілікке халық қалаулысының бұл қылығы ұнамаған.

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы Дәулет Мұқаевтың бұл әрекетін қатаң сынға алды. Ол:

"Депутат Дәулет мәйкі, іш киім мен нәскилерін қалай жинайтынын қалың көпшілікке көрсетіп, мақтаныпты) Енді қайтсін, басқа несімен мақтанады. Депутаттық этика қайда", - деп жазды желідегі ресми парақшасында.

Желі қолданушылары да Мұқаевтың бұл әрекетіне ашулы. Олар түрлі сыни пікірлерін желіде жарыса жазып жатыр.