"Еркексің": көшедегі қарияның бес бананын сатып алған Ернардың ісін халық ер мінезділікке теңеді

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.

- Қарты бар елдің қазынасы бар! Қырағы көздері қиясына қайтып жатқан шағында, аяғын жалтаң басқан ақсақалдың адал еңбегіне емірене қарадым. Кеше екі кештің арасында Талдықорған қаласына мерекелік концертке асығып бара жатқан мен, кенеттен жол жиегінде банан сатып жүрген атаны көріп көмегім болсын деген ниетпен ғана бананын сатып алмақшы болғам. Алайда әңгіме басқа жағына өрбіп, оқиға басқалай баяндалды. Атам сауда жасап, нанын адалынан тауып жүрген жалғыз басты ақсақал екен. Мен өзім осылай , ерлерше еңбек ететін ер азаматтарымызды қатты құрметтеп, үлгі тұтамын.

Тағдыр әркімді әр түрлі сынайды. Түптің түбінде бәріміздің барар жеріміз бір. Айтпағым, ата-анаңды, жалпы адамзатты тіріңде сыйлап, тіршілігіңде сыйласып, барында бағалап, мейлінше мейріміңді беріп, жақсылық жасап жарысайықшы жақсыларым! Атаның айтқан оқиғасын өзімде сақтайын, ал сіздер әсерлі видео көріп көңілдеріңізбен бөлісіңіздер! - деп жазды әнші.

Loading...

Әншінің жақсы пейіл, ақ көңіліне желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Сенің қарапайым мінезің үшін қатты құрметтеймін!", "Мына кісі бала шағасы бар, кел татуласайыққа келген әйелі алып кеткісі келмедіма солай", "Бұл атаның оқиғасын халық біледі", "Кел татуласайық бағдарламаға келген ата балалары мен әйелі қабылдамай отыр", "Құрдасым молодец! Атамның батасы қабыл болып, әрқашанда абыройлы, атақты бол. Кішіпейілділігіңмен баурап аласың халықты. Алла разы болсын саған", "Қазақтың ақмаңдай ұлы ғой", "Алла мәртебеңді биік етсін, Ернар бауырым!" - деп жазды олар.