Еркеш Шакеев қайтыс болған ұлы туралы фильмді желіде жариялады

«Бұны (фильмді - ред.) Сафардың достарымен, өз отбасыммен, жақындарын жақсы көретін барша жандармен және өмірден өткендерді еске алатын адамдармен бөлісемін. Өмірде ешқашан жаны жайсаң жандар жайлы, соның ішінде тұла бойы тұңғышым, сүйікті ұлым жайлы айтудан, ойлаудан жалықпаймын...», - деп жазды Еркеш Шакеев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, автор постында Геннадий Голвкин мен Келл Бруктың кездесуіне барғанын айтады. Оған шақыртуды берген және баруға көндірген Эдуард Кимге алғысын білдіре келе автор Гена, Серік Елеуов және Бахтияр Артаевтар ұлымен зор ықыласпен танысқан сәті түсірілген видеоны тауып алғанын, оны фильмге қосқанын айтады. Сөз арасында Головкинге шексіз алғысын жеткізеді.

Композитор Алматыда қыркүйектің басында өткен Сафарды еске алуға арналған кешті ұйымдастырушыларға да алғысын білдіреді.

«...Біз ұлымызды соңғы сапарға шығарып салып жатқан күні маған Бауыржан Шүкенов келіп, Сафардың туған күнін Арман кинотеатрында өткізуді ұсынды. Ұсынысты кинотеатр акционері әрі менің досым Эрпан Салимов та қолдады. Кешті еріктілер мен оның жақын достарына арнап өткізуді жөн деп шештік. Ол жайлы Фейсбукте хабарладық.

Кеште оған басты себепкер адам жайлы сөз айтылатыны айтпаса да түсінікті.  Сафардың достары: Дан Камчатский, Дмитрий Лейхманн, Рүстем Төреғалиев, Нарғыз Шүкенова, Кирилл, Диастар бұл істе және ұлым туралы фильм түсіруде көп күшін және уақыттарын сарп етті. Досым Эдуард Ким техника мен продуссерлік топты ұйымдастырды. Олар көптеген тұрғындардың өтініші бойынша интернетте онлайн-трансляция жасады.

Отбасымыздың достары  Жанель Бекшенова, Оксана Байменова, Шолпан Керемет, Қайрат Мажибаевтар шақырылған жастарға дастархан жайды. Виктор Хоменков өз тобымен келіп, джаз музыкасын шебер орындап, әуезді атмосфера қалыптастырды.


Одан бөлек эстрада жұлдыздары Жұлдыз, Кентал, Ситора және Парвиз Назаровтар, Толқын Забирова, Эрик Тастамбековтер келді.

Досымыз Дана Орманбаева аппаратура мен техникалық қызметкерлерді алып келді.

Америкадан жүрек қалауларымен 5 досы мен мектепте сабақ берген 3 ұстазы ұшып келді. Менің отбасымның өтінішімен Виктория Момынбаева мен Болат Амансүгіров Аружан Саинның жақындары үшін қайырымдылық акциясын өткізді.

Сафардың достары қонақтарды күтіп алып жаттты.

Бауырларым мен қарындастарым, осылайша махаббат пен қайырымдылыққа негізделген қарапайым рухани шараны өткіздік.

Шын жүректен сын сағатта қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Мен бәрлеріңізді жақсы көремін және барлықтарыңыздың берекелі күн кешулеріңіз үшін дұға тілеймін», - деп жазды Еркеш Шакеев.

Еске сала кетейік, Сафар Шакеевтің жоғалып кеткені туралы шағым 16 шілде күні полицияға келіп түсті. Оны 110 полицей, 60 ерікті және бірнеше сүңгуір іздеген еді. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та жұмылдыралған болатын.

Алайда Сафар Шакеевтің денесі 28 шілде күні Есентай өзенінен табылды.