Еркін күрес шеберлерінің Голден Гран-при жарысында қазақстандықтар 2 қола медаль жеңіп алды


Онда қазақстандық жігіттер жүлдегер қатарына ілінбеді. Құрама қоржынына түскен 2 қола жүлдені де әйелдер күресінің шеберлері иеленді. Онда қазақстандықтар арасынан алғашқы медальға 27 қаңтарда 67 келідегі Татьяна Захарова ие болды. Ал келесі күні оны 55 келі салмақта белдескен Айым Әбілдина еселей түсті. Жалпы бұл дүбірлі додада алдымен ерлер арасында 74, 55 және әйелдер арасында 51, 59, 67 келідегі балуандар белдесті. Келесі күні ерлер арасында - 60, 66, әйелдер арасында - 48, 55, 63, 72 келідегі жеңімпаздар анықталды. Ал кеше ерлер арасындағы ақырғы 3 салмақтағы (84, 96, 120 кг) үздіктердің есімі белгілі болды.