Ол 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Ивановтың құрметіне арналған болатын. Күрес федерациялары қауымдастығының интернет-сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, бұл кездесуде 3:4 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетті. Онда Батухан Шырақбаев (58 кг) Андрей Захаровты, Бақтияр Далабаев (66 кг) - Сергей Семеновты, Семен Семенов (84 кг) - Федор Ивановты, Алексей Червяков (96 кг) - Евгений Алексеевті тізе бүктіріп, ел құрамасына жеңіс сыйлады. Ал Ерлан Халитов (60 кг) - Альберт Семеновқа, Тимур Құрмақов (74 кг) - Валерий Большаковқа, Таланбек Ахмедов (120 кг) - Дмитрий Валеевке есе жіберді.