Еркіндік дәмі енді бірге болуға жол бермейді: Оқырмандарының ойынша Қайрат Нұртас әйелімен ажырасып кетті

Әншінің көптеген оқырмандары Қайрат Нұртас әйелімен ажырасып кетті деп топшылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қашанғы жас болып тұра беремін дейсің? Жұлдызға қосыл, балаларың бар, жастық шақтарын бірге өткіз, ертең кеш болады", "Балам сені халық жақсы көреді, балаларың біреуі сүйенішің, біреуі қанатың. Ажыраспа, жолыңды байлама", "Қайратжан, қасыңда мамаң емес, құдай қосқан Жұлдызың жүрсін, сосын балдарың", "Бостандық дәмі бірге болуға енді жол бермейді. Әйел адамға бір рет еркіндік беріп, оны жіберсең қайта қосылып кетуің екіталай. Өйткені ол түсінеді сенсіз күшті өмір сүріп кететінін", - деп пікірлерін білдірді желі оқырмандары. 

Ал Қайрат Instagram-дағы сторисінде "Өмір қандай тамаша, керемет екен. Сүре білу керек, күліп жүріңіздер. Бүгіннен бастап мен күліп жүремін. Себебі, мен бұдан да бөлек жолын таптым", - деді Қайрат Нұртас.