Ерлан Арын толық ақталғысы келеді

Экс-шенеунік қаланы абаттандыру үшін кәсіпкерлерден түскен 23 млн теңгені меншіктеді және 137 млн теңге пара алды деген айыптар тағылған. Бастапқыда он шақты қылмыстық іс қозғалғанымен, оның сегізін сот негізсіз деп тапты. Сөйтіп, Арынға 3 жыл шартты жаза кесілген. Десе де, экс-әкімнің адвокаттары бұған да келіспей, толық ақтап шығуды талап етіп отыр. Бір қызығы, прокуратура да бұған қарсылық білдірмепті. Басында осы орган Арынды 5 жыл колонияға айдап, бар жиған-тергенін тәркілейік деп күшке мінген еді. Ал кінәсін сол күй мойындамаған Ерлан Арынның өзі қазір үйінде отыр, ол тек үш жылға дейін Павлодардан алысқа ұзамауы тиіс.

Күлжан Ержанова, Е. Арынның адвокаты:

 Ерлан Арынның кінәсіз екенін дәлелдеу үшін біз барлық айғақтарды тауып, анықтадық. Сондықтан соттың бұл шешімімен келіспейміз. Барлық айыптар Сапаровтың жалған жауаптары бойынша тағылғаны анық. Алайда сотта бірнеше рет шатасқан Сапаровқа ешқандай шара қолданылмады.