Ерлан Біләл сот міндеттеген соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрады

Енді ол соттан қалған 16,5 млн теңгені төлеу мерзімін ұзартуды сұрап отыр, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Ерлан Біләл 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын төледі. Енді қалған соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрап аудандық сотқа өтініш жазды», - деп хабарлады соттағылар.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталды. 7 ақпанда сот оны айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарған болатын.

Ұқсас тақырыптар: 

Әуезов театрының экс-директоры Ерлан Біләл сот белгілеген 52 млн теңгені әлі өтемей жүр

Ерлан Біләлді ұстатқан «Сезам» театрының директоры өзін Әуезов театрынан қуып шыққанын айтып шағымданды
Ерлан Біләл сотта соңғы сөзін айтты