Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – ІІМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат тараған болатын.