Ол кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Бұл жөнінде журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Мен үндемей-ақ қояйын дегенмін. Сөйтсем, мына "ерлі-зайыптылар" тырқылдап отыр. Бұлар ойлаған шығар, "анасы жоқ, әкесі тастап кеткен, ешкімі жоқ. Сұрауы жоқ қыз" деп. Ал мен тірі жетім қыздарды бұндайларға талатып, үнсіз отыра алмайды екенмін! Мына сөздері тіпті ашуымды келтірді", - деп жазды журналист.