Ерлі-зайыптылар туыстарымен секс-притон ашқан - ІІМ

Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жезөкшелер үйін ашқан жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленген.

"Ерлі-зайыпты табыс табу мақсатында қонақ үй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылар әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан", - деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.

Интимдік қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісім шарт бойынша қонақүйде тұрып, 50 де 50 бойынша жұмыс істеген.