Ерлі-зайыптылар «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының көмегімен жаңа дәмхана ашты

Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, аталмыш бағдарлама нәтижесінде ауыл-аймақта жаңа кәсіпкерлік нысандарының іске қосылып отырғанын атап өтті.

Дәмхана «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы берілген жеңілдікті несиеге салынды. Оның иелері Айсұлу мен Хаммад Хурани бұдан бұрын жазғы дәмхана мен балаларға арналған ойын алаңын салған болатын.