Ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады

25 қыркүйектен бастап eGov Mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін бейнеқоңырау арқылы алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңа қызмет ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді.

Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.

«Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі» - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.


Қызметті алу үшін:
6) «eGovMobile» платформасында тіркелу;
7) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
8) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
9) нотариустың қызмет ақысын төлеу керек.
10) нәтижесінде, құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.