"Ермахан, жауап берсін" Танымал боксшының үстінен белсенділер полицияға арыз түсірді

Белсенділер сайлау күні өздеріне қоқан-лоқы көрсеткен боксшының  үстінен полицияға арыз беретінін мәлімдеді.

"25 қаңтарда сағат 10.00-де заңгер Ерлан Қалиевпен бірге Алматы полиция департаментіне Ермахан Ибраимовке арыз беруге барамыз”, – деп жазды Facebook-те “Демократиялық партия” құру жөніндегі бастамашыл топтың белсендісі Әйгерім Тілеужан.

Бұл туралы
Caravan.kz
медиа порталы хабарлады.

Айта кетелік 10 қаңтарда бір топ адам сайлауға наразылық білдірген еді. Ермахан Ибраимов митингіге шыққан жұртпен жаға жыртысып, келеңсіз оқиғаға тап болған еді. 

Қауіпсіздік күштерінің қоршауында қалған белсенділер “Ермахан, кет!” деп айқайлады, содан кейін боксшы оқиға орнынан кетіп қалған еді.