"Ермашты эфирге қайтарыңдар, кезінде Амангелді Сейітханды да осылай жолатпай қойған": Спорт журналисі ӘЧ-ты төңірегіндегі тағы бір даудың бетін ашты

Ол эфирге белгілі спорт комментаторы Ермұхаммед Мәуленнің қайтарылуын талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"ЕРМАШТЫ ЭФИРГЕ ҚАЙТАРЫҢДАР!

Әлем чемпионатын жүргізетін 22 жігітті таңдап алыпты. Араларында ең мықтысы Ермұхамед Мәулен жоқ. Қандай себеп екенін примерно білеміз. Сонда да еліміздегі нөмірі бірінші комментатор шеттетіліп қалғаны өкінішті. Кезінде Амангелді Сейітханды да осылай жолатпай қойған. Ол кісі 2010 жылдан бері футбол матчтарын жүргізбеді. Хотя қазақтілді еліміздегі алғашқы комментатор болатын. Тарихи тұлға. Бар кезінде бағалай алмай, артынан еңіреп қалдық. Дәл солай Ермаштың да қазақ футболына қосқан үлесі зор. Ең бірінші болып баспасөз мәслихатын қазақша өткізді, шетел стадиондарын қазақша сөйлетті, тіпті, қазақтілді журналистер алғаш сырт алаңдағы матчтарға барып, сол жақтан ақпарат таратуына мүмкіндік жасады. Небір шындықты да айтты. Сол үшін жұмыстан қуылды, парақшалары бұғатталды. Иә, осындай «жындылығы» бар. Мінезі бар адам, таланты бар адам жынды да болады. Бірақ, айтқан сындары жүйелі ғой. Содан жауапты тараптар нәтиже шығарды да, Ермаштың өзін лақтыра салды.

Просто кешелі бері мачтарды көріп жүрміз. 48 ел болғандықтан қызықсыз өтіп жатыр. Бірініші таймды көресің де, өшіре саласың. Осындай комментаторлар болса, көрермендерді экранның алында ұстап отырар еді. Әр сөзі, яки, әр тіркесі цитатаға айналып, ауыздан ауызға тарайды. Телеарнаның да рейтингісі артады. Негізі Ермаш қатты сұранып жатқан жоқ. Намысты жігіт қой. Бірақ, шақырту болса, келеді деп ойлаймын...", - деп жазды ол.