Осы жемқорлық дауынан соң «Астана Экспо -2017» ұлттық компаниясы кір келген атын қайта ақтап алуға жанталасып жатыр. Миллиардттар айналған мекеменің абыройын аяқасты еткендер өз араларынан шыққанын айта кетейік. Қазір экс-төраға Талғат Ермегияев, оның кеңесшісі Қажымұрат Үсенов пен басқарушы директор Суламбек Баркинхоевқа «ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған» деген айып тағылып үшеуі үйқамақта отыр. Сыбайластар қазына ақшасын өздеріне тиесілі компаниялардың есепшотына аударып, қолма-қол шешіп алып отырған. Осы бұрынғы басшыларының әрекеті «ЭКСПО»-ны ұятқа қалдырғанын әріптестері мойындауға мәжбүр болды.
Салтанат Рақымбекова, «Астана ЭКСПО-2017
» ҰК басқарушы директоры:
-Көрменің беделіне нұқсан келгені рас. Бірақ, қортынды шығаруға асықпайық. Тергеу біткен жоқ, кінәліні тек сот анықтайды. Десе де, бұл оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Бастысы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін халықтың сенімі қажет.
Loading...