Ермегияевтің ісі бойынша 12 күдікті прокурорлармен келісім жасады


Бүгін сот отырысы барысында 12 күдікті мен прокурорлар арасында процессуалдық келісім жасалғаны белгілі болды. Осылайша айыпталушылар  сот ісіне толықтай қолдау жасауға келісімдерін берді. Осы арқылы олар қылмыстық жауапкершілікті жартылай алып тастаудан үмітті.+

Келісім жасағандардың қатарында «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Қажымұрат Үсенов, «Астана ЭКСПО-2017» Құрылыс жөніндегі дирекция» филиалының бұрынғы директоры Вячеслав Пягай, «Southfork ltd.» ЖШС атқарушы директоры Сейіт Сейітов, «Southfork ltd.» ЖШС бас директоры Нұрлан Ақпанбетов, «Құрылысконсалтинг» Ұлттық орталығы» АҚ директорының міндетін атқарушы Серік Найзабеков, Алматыда жалған кәсіпорындар желісін ұйымдастырушы  Сергей Ильин, Т.Ермегияевтің сенімді адамы Ренат Ақылбеков, «Компания АДС» ЖШС президенті Марс Шорманов, «Компания АДС» ЖШС құрылтайшысы Алпысбек Тілекметов, «Dos Group» ЖШС директоры Самат Сардарбеков, «SS Electric Indastry» ЖШС директоры Талғат Сағындықов және «Петроспек» ЖШС директоры Ерлан Тілеуов бар.